«Халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз»

220217204629066e Жаңалықтар

«Қазір өте ауқымды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бас прокуратура нақты ақпаратты жүйелі түрде жариялап жатыр. Қандай да нәтиже туралы айтуға әлі ерте. Бұл – өте күрделі мәселе. Қазір тергеу құпия түрде жүргізіліп жатыр. Өйткені, бұл өте ерекше іс болғандықтан біраз уақыт керек. Көп ұзамай халқымызды мазалап отырған сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі. Бәрі де айтылады. Халықтан ештеңені жасырып қалмаймыз. Қазір тек мына нәрсені ғана айта аламын. Бұл біздің халқымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің тұтастығына төнген қауіп болды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Сұхбат барысында тілші төңкерісшілер билікке неге қарсы шыққанын сұрады.

«Мәселе мынада: төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені, реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету. Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан, бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз