Тұтастықтың тұтқасы – бірлікте

2023 06 15 ulttyq quryltay Ұлттық құрылтай

Қазіргі уақытта ұлт руханиятының тұтастығын сақтау үшін қоғамда қылаң беріп қалатын діни деструктивті ағымдардың тамырына балта шауып, жолына тосқауыл болу керек. Осы мәселенің уақыты жетті.

Мен бұл туралы ойымды бүркеп қалып жүргенім жоқ. Бұл кеселдің отыз жыл бойына қоғамға тигізген кесірі аз болмады. Ендігі кезекте елдікті, егемендікті ойлап, темірқазығымызға қол созатын кез келді. Бұған дейінгі ағаттығымызға көз жүгіртіп, сабақ алуымыз керек. Сонымен қатар, қоғамда руға бөлінушілік те байқалады. Тіпті, асқынып барады деуге болады.

Біз ұлттық намыс емес, рулық намыстың деңгейіне түсіп, құлдырып кейін кетіп барамыз. Ал шындығында ру не үшін қажет? Мұның сыры жақын ағайынды адамдардың бір-біріне некелеспеуі үшін, сондай-ақ, бір-бірімізді танып, туыстық жақындықты білдірту үшін керек. Бұдан басқа түсінік қалыптастырып, қопсытудың түкке де қажеті жоқ.

Осындай келеңсіз мәселелерге тыйым салынуы қажет-ақ. Сонда ғана ұлттық тұтастыққа қол жеткіземіз. Тұтастыққа жеткен мемлекеттің болашағы жарқын болады.

Светқали НҰРЖАН, ақын

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз