«Соңғы боздақтың сүйегі табылғанша жұмыс жасалуы керек»

whatsapp image 2024 03 15 at 15.15.44 Ұлттық құрылтай

Бүгінде мемлекеттің бейбіт заманда өмір сүруі – ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде қан майданда от кешкен майдангерлердің арқасы. Сондықтан бізге сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен, майданнан оралмаған боздақтарды ұмытпау міндет. Бұл үшін боздақтарға қатысты іздестіру жұмыстары мемлекеттік деңгейде қолға алынуы тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен басталған ІІІ Ұлттық құрылтайда атап айтты.

– Отан соғысында 271 мың қазақстандық іс-түссіз жоғалып кеткен. Ал оларды іздеу үшін Қазақстанда әлі күнге дейін электронды портал жасақталмаған. Бүгінде елде майданнан оралмаған ата-бабаларын іздеушілердің саны жетіп артылады. Қазір бұл бағытта мемлекеттік деңгейде зерттеу жұмыстары мүлдем жүргізілмейді. Іздеу шараларымен тек үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер ғана айналысады. Бұл бізге жеткіліксіз. Сондықтан аталған зерттеуді мемлекеттік деңгейде жүргізіп, соңғы боздақтың сүйегі табылғанша жұмыс жасалуы керек, – деді Е.Жаңбыршин.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз