АҚ КЕМЕ «АТЫРАУ» ДЕП АТАЛДЫ

Қала әкімі Нұрлыбек Ожаев бұрын шаһар басқарған ардагерлер және оралдық делегация мүшелерімен бірге шаһар тұрғындары үшін олардың демалуына арналған жаңа су кемесінің тұсаукесеріне қатысты.

Жаңа кеменің тұсауын қаламыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан ел азаматтары Есен Тасқынбаев пен Орынғали Қарасаев кесті. Ақсақалдар кемеге бірауыздан «Атырау» деген атауды беруді ұйғарды. Қала әкімдігі су жаңа кемені арнайы қала тұрғындары мен қонақтарын саяхатқа шығару үшін Амангелді өндірістік кооперативіне сенімгерлікпен басқаруға тапсырып отыр. Су кемесінің алғашқы жолаушылары – қаламыздағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері болды.

– Мен осындай соңғы үлгідегі әдемі кемеге алғаш мініп отырмын. Бұл үшін қала әкімдігіне алғыс айтамын, – дейді тәрбиеленуші Рустам Жаппаров.

Кеме алыс теңіз саяхатына арналмаған, жылдамдығы да қалыпты. Есесіне, 75 адамдық кеме үш арнайы және ас бөлмелерімен қамтылған.

Амандық АБДОЛ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз