Балаларының қасында қайтыс болды…

death 2421820 1920 Саясат

II Елизавета таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, 25 жасында отырған.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның патшайымы II Елизавета 96 жасында Балморал сарайында қайтыс болды.

Бұл туралы Патшалықтың ресми баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлыбританияның патшайымы II Елизавета 97 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ол 71 жыл бойы тақта отырып, Ұлыбритания тарихындағы ең ұзақ басқарған патшайым болды.

Тақ мұрагері — 73 жастағы Чарльз ханзада, марқұм патшайымның үлкен ұлы.

Ұлыбритания патшайымының денсаулығы 7 қыркүйек күні нашарлап кетті. Букингем сарайы II Елизавета шотландық Балморал сарайында дәрігерлердің қарауында екенін айтқан еді.

II Елизавета таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, 25 жасында отырған.

Биыл маусым айында ол өз билігінің 70 жылдығын атап өтті.

Букинген сарайында күзетшілерді ауыстыру рәсімі тоқтатылды. Ал BBC тілшісі эфирге қара костюммен шығып, арна мен сайт тақырыбының түсін қараға өзгертті.

izobrazhenie 2022 09 08 202639618

halyq-uni.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз