Сайлау күні ауданда қыз бала өмірге келді

img 1424 Сайлау

Исатай ауданында сайлау таңы қыз бала дүниеге келді. Бойы 52 сантиметр, салмағы 3500 грамм болатын шақалақтың қазір жағдайы жақсы. Аудан әкімін сайлау күні өмірге келген сәби отбасының төртінші баласы екен.

Исатай аудандық ауруханасы перзентхана бөлімшесінің акушер-дәрігер Гүлзат Шахарованың айтуынша, бүгінде ананың да, сәбидің де жағдайы жақсы. Қыз бала аудан әкімінің сайлау күні сағат 6.05-те дүниеге келген.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз