ЖҰМЫС ОРНЫНДА ТІРКЕЛЕДІ

Бұдан былай өз баспанасы жоқ адамдар жұмыс орнында тіркеле алады. Жаңа жылдан бастап қолданыстағы заңнамаға осындай өзгертулер енгізілді. Ал, өз үйінде тұрмайтын азаматты тіркеуге қойған пәтер иелеріне айыппұл салынады.

Полицейлердің баяндауынша, бұл тармақ тиісті заңнамаға енгізілген. Бұрын тұрғындар 10 күн ішінде тіркелуге міндетті болса, қазір тиісті пәтер тауып, есепке тұрғанша үш айға дейін ескерту жасалады. Егер бұл мерзімнен асып кетсе алдымен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынбақ. Жергілікті ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы өкілдері «өз баспанасы жоқ адамдардың қайткенде де бір жерде тұруы, есепке тұруы немесе жұмыс орнында тіркелуі тиіс» дейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз