«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа Заң қабылданады (+Видео)

240 f 637352875 fphtfbuyop03biewhwodrddl73dljkub Құқық

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа Заң жобасы Мәжілісте қаралуда.

Жаңа Заңның мақсаты:

Бірінші – тұтынушылардың құқықтары қорғау мәселелері бойынша омбудсмен институтын енгізу. Негізгі міндет-тұтынушылардың құқықтарын қоғамдық қорғауды институционалдық күшейту;

Екінші – тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылы алгоритмін азайту. Басты мақсат, тұтынушылардың пайдасына құқықтарды қорғау саласындағы бюрократиялық кедергілерді азайту;

Үшінші – кәсіпкерлік субъектілерін тұтынушының заңды талаптарын сапалы орындауға ынталандыру мақсатында соттың шешімі бойынша тұтынушының пайдасына айыппұл түрінде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті енгізу;

Төртінші – тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың базалық қағидаттарын коммуналдық, көліктік, медициналық, туристік қызметтер, байланыс қызметтері және өзге де қызметтер салаларына тарату. Міндет-тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық қолдану аясын кеңейту;

Бесінші – онлайн-сауда сегментіндегі және жалпы электрондық коммерция нарығындағы заңнамалық олқылықтардың орнын толтыру.

Қазіргі уақытта тұтынушы дауды шешу үшін бірден сотқа жүгіне алмайды. Қолданыстағы Заңнама бойынша тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы алгоритмі жұмыс істейді.

1 кезең – тұтынушының сатушыға жазбаша наразылықпен жүгінуі;

2 кезең – наразылығы қанағаттандырылмаған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі;

3 кезең – сотқа жүгінуі. Яғни, екі кезеңде тұтынушының дауы шешілмеген жағдайда сотқа жүгінеді.

Жаңа Заң жобасында, тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылы алгоритмі алынып тасталып, тұтынушы өз қалауы бойынша:

  • сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға);
  • тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға);
  • уәкілетті органға, мемлекеттік органдарға;
  • тұтынушылық дауды соттан тыс реттеу субъектісіне (сатушының (дайындаушының, Орындаушының) келісімі болған кезде);
  • сотқа жүгіне алады.

Атырау облысы бойынша

 сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаментінің

мәліметі негізінде дайындалды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз