ҚАСКӨЙЛЕР ҚАЗАҚСТАНҒА КІРЕ АЛМАЙДЫ

ТМД елдері келесі жылы қылмысқа бой алдырған адамдардың бірыңғай базасын енгізеді.

 

«Қандай да бір қылмыс жасаған адамды ел шекарасынан өткізбей қою – қолдан келетін шара. Ол үшін тиісті ақпаратқа иелік етуіміз керек. Қазіргі уақытта біз әріптестермен бірге қылмысқа бой алдырған азаматтардың бірыңғай базасын жасақтауды қолға алдық. Шекарада, әуежайлар мен вокзалдарда шекара қызметі бар, олар сондай адамдарды анықтап, олардың біздің шекарадан өтуіне жол жоқ екендігін жеткізеді», – дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

Оның айтуына қарағанда, осы тұрғыда, Қазақстанға педофилдердің еніп кетпеуіне ерекше мән берілмек.

«Ол ақпаратты біз ішінара Интерполдан да алып отырмыз. Егер біз бұл адамның кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасағанын, соның ішінде сексуалдық сипатта зорлық істегенін анық білетін болсақ, Қазақстанның шекара қызметі ол адамды елге кіргізбейді», – деп түйді сөзін А.Кравченко.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз