БАЛГЕРЛЕРГЕ ШАРА БАР

Адамдардың мазасын алатын көше саудагерлерi мен балгерлерге айыппұл салынады. Жаңа Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексiнiң бір жаңалығы осы.

Қоғамдық орындарда адамдарға тиiсу сынды құқық бұзушылықтың жаңа түрi пайда болды. Мәселен оған кәсiпкер болып табылмайтын тұлғалардың тауарларды сатып алу, сату немесе айырбастау мақсатында мазаны алу, бал ашу, жыныстық сипаттағы және өзге де қызметтер ұсыну жатады. Ендi оларға айыппұл қарастырылған. Егер қайталанатын болса, одан қатаң жауапкершiлiкке тартылады. Егер бұл құқық бұзушылықты шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға жасаған болса, әкiмшiлiк қамауға алынып, ел аумағынан шығарылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз