«АВАНГАРДТАҒЫ» ӨЛІМДЕРДІҢ ҚҰПИЯСЫ АШЫЛДЫ

view 4033 Құқық

Ауылдастарының айтуынша, құлыптаулы пәтерде қайтыс болған ер адам Құрманғазы ауданы әкімдігінде, жастар саясаты істері басқармасының аудандық бөлімшесінде жұмыс істеген, ал бір кездері үйлену тойларында асаба болған.

– Оны бүкіл ауыл біледі. Ол мансабын асабалықтан бастаған, кейін әкімдікке ауысты. Болашағы зор жас жігіт еді, өкінішті, – дейді марқұмның ауылдастары.

Бұл ақпаратты Құрманғазы әкімдігі де растады. Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ерлі-зайыптылар ажырасу прцесінде болған. Әлеуметтік желілерде ер адам алдымен әйелін тұншықтырды деп жазады, содан кейін ол өзіне қол жұмсаған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ТЖ департаментінің қызметкерлері Құлыпталған пәтерден 1991 жылы туған ер адамның және 1992 жылы туған әйелдің денесін тапты. Instagram-дағы парақшасында ер адам жұмыстан және балаларымен бірге түскен Фотосуретін жариялаған.

Дереккөз: atpress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз