Атыраулық жас қылмыс үстінде ұсталды

rlrolrol Құқық

Атырауда тергеу изоляторына тыйым салынған затты лақтыру кезінде ер адам ұсталды.

ПД өкілі Мейірім Ердәулет хабарлағандай, 18 тамызда сағат кешкі 17:20 шамасында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/1 тергеу изоляторының сыртқы аймағынан тыйым салынған аймаққа полиэтилен пакетке скотчпен оралған белгісіз затты лақтыру кезінде азамат У.А. ұсталды. Тергеу изоляторының сыртқы қақпасындағы бекеттегі күзет және режим бөлімінің бақылаушысы Азат Нұрмұхамбетовтың аса қырағылығының нәтижесінде құқық бұзушы азаматтың ойы іске асқан жоқ.

Сонымен қатар, жеке басына тінту жұмыстарын жүргізу барысында шалбарының қалтасынан 28 дана ақ түсті таблетка, диаметрі 2 см құрайтын 2 дана қою қоңыр түсті шар тәрізді құйма және қою жасыл түсті, өзіндік иісі бар өсімдік, 20 дана рапира алмазы, 5 пластинкадағы 50 дана құрайтын трамадол дәрісі, 1 флакон тропикамид тамызғыш тәркіленді. Аталған факт бойынша Атырау қалалық полиция бөлімінен жедел тергеу тобы шақыртылып, сот-химиялық сараптама үшін жөнелтілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз