Атыраудағы жастардың жаппай төбелесіне қатысты мәлімдеме жасады

img 4090 Құқық

Кеше Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы Салтанат сарайының алдында бір топ жастың төбелесіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Видеоға қатысты облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев кеше кеште телеграммға жазба қалдырды.

“Белгілі болғандай, төбелеске қатысты үш адам ұсталды. Олар полиция органдарына жеткізілді. Қалғандарының жеке басы анықталуда”, деп жазды ол арнада. 

Ал, Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, төбелестен 2005 ж.т., екі адамның жеңіл жарақат алғаны анықталды. 

“Таралған бейнежазбадағы пышақпен дене жарақатын салды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3 бөлігімен тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мейрамханада студенттер мен жастарға іс-шара ұйымдастырушыға тиісті жауапкершілік қарастырылуда”,- деп мәлімдеді Атырау қалалық полиция басқармасынан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз