Атырауда мал жаю қағидасы 322 рет бұзылған

vararparara Құқық

Биыл Атырау облысы аумағында малды бағу және жаюдың ережесін бұзған 322 дерек тіркеліпті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, аталған мәселеге байланысты 28 жол-көлік оқиғасы орын алған.

«Облысымызда ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, ұстау, бағу жəне оларды уақытында бірдейлендіріп отыру маңызды да, өзекті мəселелердің біріне айналып отыр. Біріншіден, қазіргі уақытта өкінішке орай, автокөлік жолдары мен темір жолдар бойында көлік құралдарының жануарлармен соқтығысуы, соның салдарынан адам мен мал шығыны, көлік құралдарының бүлінуі орын алып отырғандығы жасырын емес. Тәртіп сақшылары бұл жөнінде арнайы жиындар өткізгенін, ескертулер жасағанын, түрлі іс-шаралар атқарылғанын алға тартады. Тіпті, кейбір мал иелері тәртіпке бей-жай қарайтын көрінеді. Демек, бұл қоғам болып қолға алатын, көп болып іске асырылатын мәселе болып тұр» дейді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз