Атырауда есірткі жарнамалайтын 108 сайт анықталды

img 1447 Құқық

«Есірткіге жол жоқ»: атыраулық полицейлер есірткі қылмысына қарсы күресті кешенді жүргізуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Есепті мерзімде облыс бойынша есірткіге қарсы 109 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Оның ішінде қылмыстар саны – 57. Есірткілік, уытқұмарлық, масаң күйде автокөлік жүргізу дерегі бойынша 45 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті іс-шаралар қабылданды.

Ғаламтор жүйесі арқылы есірткі жарнамалайтын 108 сайт анықталып, IIМ-не бұғаттауға жолданды. Волонтерлармен бірлесіп жүргізілген рейдтік шаралар барысында 100-ден астам есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазбалары анықталып, жойылды.

Қазіргі уақытта Алматы, Тараз, Семей, Ақтөбе, Орал, Қызылорда және Қарағанды қалаларынан келіп, Атырау өңірінде есірткі заттарын сатумен айналысып жүрген тұлғалар ұсталып, қамауға алынды. Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жыл басынан бері есірткіге қарсы 553 нысаналы шаралар өткізілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз