Атырауда арақ ішкендер ұсталып жатыр…

screenshot 20220713 154700 Құқық

Атырауда жыл басынан қоғамдық орында мас күйде жүрген 700-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау қаласы аумағында жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 700-ден астам тұлға анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 100-ге жуық тұлға осы құқық бұзушылықты қайталап жасағаны да анықталды.

Мәселен, 9 шілде күні  №26 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары аумақты аралау барысында  көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде  адамның қадір-қасиетін қорлайтын мас күйде жүрген 35 жастағы және 50 жастағы екі азаматты анықтаған. Екі азамат ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабымен (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, мұндай құқықбұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бірінші рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделген.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Әділет ҚАНАТҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз