Атырауда 127 жас сарбаз салтанатты түрде ант қабылдады

img 5828 Құқық

ҚР Ұлттық ұланы Атырау қаласындағы нөмірі 5546 әскери бөлімінде 127 жас сарбаз салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нөмірі 5546 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Лұқпан Утеков жас сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

-Бүгін біздің әскери бөлімде өте маңызды күн. Себебі, жас сарбаздар көпшіліктің алдында Отанын, туған елін, жерін қорғауға серт беріп, ант қабылдауда. Жаңа сарбаздар еліміздің Орал, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Өскемен және Петропавл сынды қалаларынан жиналды. Жас ұландарымыз берген серттерін берік ұстап, елімізге адал қызмет етеріне сенімім мол, – деді Л.Утеков.

img 5829

Салтанатты жиында әскери рәсім бойынша ҚР-ның Мемлекеттік Туы көтерілді. Сондай-ақ бөлім командирі, подполковник Ерлан Ипатов жеке құрамға арналған құттықтау баяндамасын оқып, ант қабылдау рәсімін бастады.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық ұланы Атырау қаласындағы нөмірі 5546 әскери бөлімі 1991 жылы құрылды. Биыл 25 ақпанда әскери бөлімнің құрылғанына 33 жыл толады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз