«Жығылғанға жұдырық» деген осы

img 20240405 wa0087 Қоғам

Жылыойлық әріптесіміз, «Кең Жылыой» газетінің бас редакторы Ербол Қошақанның хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта «Атырау-Құлсары» тас жолының аудан орталығына, яғни қалаға кіреберіс қақпасын су басты. Шаһардың басқа да біраз ауылы мен шағынауданы топан судың астында қалған.
Ең бір сұмдық жайт, «біреуге мал, біреуге жан қайғы» болып жатқан осындай жағдайды пайдаланып, күнде жолаушыларды 500-600 теңгеден тасымалдап жүрген такси жүргізуші пысықайлар оның ақысын 3000 теңгеге бір-ақ көтеріп жіберген. Ол аз десеңіз, үйлері суға кетіп, баспанасыз қалған адамдарға аяулық танытып, қайырымдылық жасау былай тұрсын, пәтердің бір айлық жалдау ақысын 150 мың теңгеге өсіріп қойған.

Бұл жайт әрине, қиындықтан қиналған жұрттың төзімін тауысып, дегбірін қашыруда. «Одан қайтіп ел боламыз, қалай қиындықты жеңеміз, табиғаттың тосынымен күресеміз?» деген заңды сауал туындайтыны сөзсіз. Әлде «жығылғанға жұдырықтың» кебі ме, басқаша бағалау мүмкін емес мұндай сорақылықты. Мұсылманның ең қасиетті айы – Рамазанда осындай сұмдыққа барып жатсақ, басқа мезгілде олардан қандай жақсылық күтуге болады? Барға қанағат қылып, басқа түскен қиындықтың қайырын тілеп, тәубеге келейік, ағайын, деуден өзге не айтамыз?!
Дәулетқали АРУЕВ,
Жылыой ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз