ЖІГЕРДІ ЖАНЫҒАН ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕР

«Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде аралас жекпе-жектен облыстық чемпионат өтті. Күштілік пен ептілік сынға түсетін бәсекеде облыстың әр аумағынан жүзден астам спортшы бақ сынады.

 Олардың ішінде облыстық аралас жекпе-жек, джиу-джитсу, жекпе-жек федерациялары мен «Айдар» дене шынықтыру спорттық клубының тәрбиеленушілері бар.

Чемпионат қорытындысымен әр салмақ дәрежесі бойынша Құдайберген Қуанышқали (55 келі), Шыңғыс Жайық (60 келі), Джахар Шапхатов (65 келі), Аманбек Шериенәлиев (70 келі), Думан Балмұханов (77 келі), Алпамыс Әдиятов (60 келі), Нұрбек Отар (65 келі 800 гр), Азамат Сәрсембай (70 келі 300 гр), Исатай Теміров (77 келі 100 гр), Серікбай Шпанов (84 келі) және Мирас Шынтасов (+84 келі) чемпион атанды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз