Теміржол бойы – толған мал

 Атырау стансасы ішкі істер желілік ІІЖб әкімшілік полиция қызметкерлері теміржол бойында иесіз малдың жүруін болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Алайда, оқыс оқиғалар, қылмыс пен құқықбұзушылық әлі де азаяр емес.

 Қазір «Теміржолда – темірдей тәртіп» акциясы жүруде. Бұл акция азаматтарды құқықтық ақпараттандыруға, құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерін, көлік объектілерінде жүріп-тұру қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіруге, көлік жарақатының алдын алуға бағытталған.

  Былтыр теміржол бойында малдың жайылуына байланысты шұғыл тежеудің 31 фактісі тіркеліп, мал иелері түрлі дәрежеде әкімшілік жазаға тартылды. Биылғы жыл басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 9 фактісі тіркелген. Мысалы, үстіміздегі жылдың 4 қаңтары күні таңғы уақытта 469 разъезд – Толтыр стансасы бағытында №329 «Куляб-Москва» жолаушылар пойызы теміржол бойына бірнеше ірі қара малдың шығуына байланысты шұғыл тежегіш қолданған. Құлсары стансасының желілік полиция бөлімшесі полицейлерінің ұйымдастырған жедел іздестіру шарасы кезінде мал иесі 49 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны екені анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Айгүл ҚҰМАРОВА,

Атырау стансасындағы ІІЖб әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз