МАҚАТ АУДАНЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

img 20220727 wa0025 Қоғам

Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі мемлекеттік органдар арасында өткен республикалық конкурста «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Республикалық байқаудан үздік атанған жүлдені Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Г.Өтешова Елордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов қатысқан арнайы шарада алып қайтты.

Жалпы аталмыш бөлімде азаматтарға 24 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтар болсақ, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде – 8, мүгедектер мен ардагерлер жөнінде – 16, жұмыспен қамту бойынша – 4 қызмет ұсынылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімді болу мақсатында барлық жағдай жасалған. Мақат аудандық жұмыспен қамту орталығында жыл басынан бері баламалы түрде 385 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген болса, оның ішінде 14-і электронды еңбек биржасы арқылы жүзеге асқан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз