МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ: «ӘРБІР ӨТІНІШКЕ САПАЛЫ ЖАУАП БЕРІЛСІН»

whatsapp image 2021 10 18 at 15.47.06 Қоғам

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды»,-деп хабарлайды atr.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында аймақ басшысы азаматтардың өтініштері, арыз-шағым, көтерген мәселелерін уақытылы қарап, мәселелердің заң аясында шешімдерін табуын жүзеге асыру әрбір басшыға жүктелген бүгінгінің басты талабы екенін баса айтты.

Ал, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдама шеңберінде істеліп жатқан жұмыстар жөнінде облыс әкімі аппараты Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Жандос Бөлекбаев баяндады.
«Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына 2021 жылдың 9 айында жеке тұлғалардан 22 449, заңды тұлғалардан 4 716, барлығы 27 165 өтініш түсті. Сондай-ақ, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылғалы 7 218 өтініш өңделіп, 6 254 өтініш жүйеде орындалды. Оған қоса, есепті кезеңде облыс тұрғындарынан ҚР Президенті Әкімшілігіне 173, Премьер-Министр Кеңсесінен 45 өтініш түсіп, олар облыс әкімдігіне қарауға жолданып, жан-жақты зерделеніп, жауаптары берілді»,-деді ол.

Өз кезегінде облыс басшысы қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына өтініштерді сапалы қарап әрі өз мерзімінде жауап беру туралы нақты талап қойды.

whatsapp image 2021 10 18 at 15.47.06 3

«Азаматтардың өтініштерін, арыз-шағым, көтерген мәселесін қарауда жауапкершілік пен тәртіпті күшейту, сапалы әрі уақытылы қаралуы қамтамасыз етілу қажет»,-деді Махамбет Досмұхамбетов.
Айта кетейік, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінде жаңа талаптар мен міндеттер айқындалған болатын.

whatsapp image 2021 10 18 at 15.47.06 2

Отырыста сондай-ақ, өңірдегі эпидемиялогиялық ахуал, вакцинациялау, меншік иелері бірлестіктері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да пысықталды.
Жиын соңында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Атырау қаласы мен аудандардың әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз