БІР ОТАН! БІР ТАҒДЫР! БІР ЕЛБАСЫ!

«Маған Қазақстанның жалпыхалықтық сенімі зор қуат берді». Астанада 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясындағы басты іс-шаралардың бірі – «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік концертіне қатысып, онда сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаев осыдан 23 жыл бұрын 1991 жылдың бірінші желтоқсанында Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланғанын, сосын осы тарихи күннен 15 күн өткен соң еліміздің тәуелсіздігі жарияланғанын атап өтті.

«Бүкілхалықтық дауыс беру барысындағы маған көрсетілген жалпыхалықтық сенім ерекше жігер, зор қуат берді. Міне, осыдан бері 23 жыл бойы біз өз еліміздің тәуелсіз даму даңғылымен жүріп келеміз», – деді Мемлекет басшысы.

Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар легі мұнайлы астанамыз Атырау мен облыс аудандарында да кең көлемде өтті. Бұл аймақ халқының Елбасы төңірегіне берік топтаса түскендігін, оның сарабдал саясатын қолдайтындығын айқын көрсетуде.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз