Атырауда «КТК» телеарнасының журналистері үй карантиніне шығарылды

9ff0d76a380f496dde9dbb3503f3dded COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/13 сәуір, 2020 жыл. Бүгін, 13 сәуірде Атырау облысындағы «КТК» телеарнасының операторы мен меншікті тілшісі карантиндік стационардан  шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы.

БАҚ өкілдерінен коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тест алынып, теріс нәтиже көрсетті.  Түстен кейін оператор мен журналист карантиндік және провизорлық стационардан шығып,  үй карантиніне жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ өкілдері карантиндік нысанның аумағына кіріп, ТЖ режимін бұзды және жақын байланыста болған адамдармен  тығыз қарым-қатынаста болған.

http://atr.kz/bez-rubriki/barlyғy-5-atyrauda-taғy-3-adam-koronavirusty-zheңip-shyқty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз