Атырауда кейбір аудандарда неліктен электр шамдары жиі сөнеді

2020 06 24 01f73af5139c686f3cade2e2369545a9 Қоғам

Бұл мәселеге Атырау энергетикалық кешенінің басқарма басшысы Алтынбек Қаршегенов тоқталып өтті.

«Төмен кернеу мəселесі Көкарна, Балауса, Водников, Еркінқала-2, Бірлік, Жұлдыз, басқа да шағынаудандарда бар. Бұл аудандардың тұрғындарынан шағымдар көбінесе жаз мезгілінде түседі. Негізгі мəселе – электр жабдықтарын таңдау жəне қондыру кезінде сымдар мен кабельдер қималарының, трансформаторлардың қуатының ескерілмей, басқа да жабдықтардың дұрыс таңдалмағанында. Жалпы ереже бойынша аталған жабдықтардың көрсеткіштері тұрғын үй массивтерін жобалау жəне тұрғызу кезінде қолданыстағы нормаларға сəйкес қабылданады. Сондықтан, желідегі жүктеме, пəтерлердің немесе жайлылығы жоғары коттедждердің санына байланысты электр қабылдағыштардың үлестік жүктемесіне сүйене отырып алынады. орташа есептік жүктеме – 2,6 квт жəне қуаты 1,3 квт-қа дейінгі бір ғана тұрмыстық салқындатқышты пайдалану ретінде ескеріледі. шындығында, бұл шындыққа сəйкес келмейді», – деді.

Оның айтуынша, Атырау секілді табиғаты ыссы, құрғақ өңірлерде электр қуатын тұтыну көрсеткішінің үнемі өсіп тұратынын ескеру керек. Осы нормативтерді ұлғайту мақсатында қайта қарау үшін біз мемлекеттік органдарға бірнеше рет өтініш берілген.

«Жарықтың жиі өшуінің тағы бір себебі – коммуналдық жəне тұтынушылық желілер жағдайының нашарлығы. Желілердегі кемшіліктерді жою үшін біз тұтынушыларға жұмысқа дайындық актілерін ұсына отырып, өздерінің электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға міндеттеу туралы заңнамалық тəртіпте бірнеше рет ұсыныстар жібердік», – деді Атырау энергетикалық кешенінің басқарма басшысы Алтынбек Қаршегенов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз