Жарнама
Қоғам

Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?

Аtr.kz/29 мамыр, 2019 жыл. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», деп талай ақындар  жырға қосқан, табиғат берген көркімізден айырылмай, айнымай жүрейік!

  • «Қыздың көркі – шаш» деген дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген. Бұрым – сұлулықтың сәні деп аналарымыз  қыздарының кішкентай кезінен бұрымын айрықша күтімге алып, ұзын етіп өсіруге түрлі шөп тұнбаларын  пайдаланған. Мен де шашыма ерекше  күтім жасап, арнайы сусабынды қолданып, қалың әрі тез өсуіне назар аударамын.
  • Бұрымды жалғыз өрім, қос өрім  деп бөліп, шаштың қалың болуы  мен жұқа болуына қарай үлкен бұрым, кіші бұрым деп атаған. Маған бұрымымның  қалыңдығы, түсі, ұзындығы ұнайды.  Осындай әдемі болып, өсуі үшін аптасына үш рет жуып, үнемі өріп жүремін.
  • Жуан бұрымды жеңді білектей, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп дәріптеген қазағымыздың ежелгі салтын сақтап, шашымның 1 метрге жетуіне септігін тигізген аяулы анашым – Әлия Аймұханова. Екі жасымнан бастап өсіріп, күтіп-баптауыма көмектесіп келеді. 

Әсел Жанбай,

Х.Ерғалиев атындағы №35 мектеп-гимназиясының

6 «А» сынып оқушысы.

Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button