ЖАЛҒАН НӨМІР ТАҚҚАН ЕКЕН…

screenshot 20220827 111256 Қоғам

«Қорғау – Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы бір тәулікте 190-ға жуық құқық бұзушылық анықталды.

26 тамыз күні патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы қызметкерлері «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы қала аумағында рейдтік іс-шара өткізді. Арнайы бағдарлама арқылы айыппұл төлеуден жалтарған, сақтандыру полюсі жоқ автокөліктер анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды.

  • Бір тәулік ішінде «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы арқылы 50 автокөлік анықталып отыр. Бұл аталған автокөліктер 190-ға жуық құқық бұзушылық жасап, 2млн теңге көлемінде айыппұл төлемеуде. Және де бұған қоса бір тәулік ішінде жалған нөмір таққан 2 автокөлік белгілі болды. Барлық анықталған автокөліктер арнаулы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта Армения, Ресей елдерінде тіркелген автокөліктерге қатысты сақтандыру полюсін алмай жүрген азаматтарға қатысты жұмыс жандандырылып, қатаң бақылауда,-дейді Атырау облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Бигамбаев.

Іс-шара кезінде сақтандыру полюсін алмаған 30 автокөлік анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз