УЛАНУДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Ағымдағы жылдың өзінде республика бойынша ішек инфекциялары өршуінің бірқатар жағдайлары тіркелді. Ең ірі ішек инфекциясы өршуінің үш жағдайы Астана қаласында тіркелген. Аурудың жаппай өршуінен 140 адам зардап шеккен. Жаппай зардап шегу салдарының себептері негізінен ішек инфекцияларының қоздырғыштарымен зақымдалған тағамдарды қолдану, сондай-ақ, көптеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғамдық тамақтану орындарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамалық ережелерін өрескел бұзу болып табылады.

Тағамнан улану құрылыс алаңдарындағы жұмысшылар асханалары, кафе, мейрамханаларында, жалға алынған балалардың тамақтандыру асханаларында да жиі орын алады.

Жоғарыда аталған бұл фактілерге байланысты Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы жіті ішек инфекцияларының эпидемиологиялық маусымына байланысты тамақтан уланудың, жұқпалы аурулардың халық арасында таралуын болдырмау, оның алдын алу мақсатында басқарманың мәжіліс залында мекеме басшылары, қоғамдық тамақтандыру орындары, сауда дүңгіршіктерінің жеке кәсіпкерлері, тағам цехы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Онда Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары Г.Есқожиева қоғамдық тамақтану орындарында, үй жағдайындағы тағамнан уланудың алдын алу, Г.Сәрсенова жолаушылардың әуе, теміржол көлігіндегі жол бойы тағамнан уланудан сақтану шаралары туралы кеңінен әңгіме қозғады.

Шара барысында Атырау бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Игорь Шин тағамнан улану және жіті ішек ауруларының алдын алу, оларды болдырмау мақсатында қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық ережелер мен талаптардың сақталуы, сондай-ақ, тұтынушылардың құқығын қорғау қызметкерлері тарапынан тексеру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің орындалуы қатаң қадағалануын және санитарлық ағарту жұмыстардың жүргізілуін бақылауға ұсыныс берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз