Құрманғазы ауданында 25 орындық медициналық пункттың құрылысы жүргізілуде

160329d1 79a0 4768 875a 7ddb958fbc55 Медицина

Құрманғазы ауданының Кадырка ауылында 25 орындық медициналық пункттың құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталған медициналық нысанның құрылыс жұмысына тапсырыс беруші облыстық Құрылыс басқармасы болса, бас мердігер мекеме – «Декор» ЖШС. Нысанның құрылысы жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталған, 2024 жылдың қаңтар айында аяқтау жоспарлануда. Бір қатарлы нысанның жалпы ауданы – 266,35 м2.

-Медициналық пунктте вакцинация, емдеу бөлмелері, мейірбике, ординатор бөлмесі, акушер кабинеті, сынама алу және зерттеу, сондай-ақ дезинфекциялық заттарды дайындауға және сақтауға арналған бөлме, дәріхана қарастырылған. Аталған бөлмелер жиһаз және құрал-жабдықтармен қамтылған,- деді Н.Құсайынов.

2d57c480 e9f6 48b9 9bf7 5a3acc314a62

Сондай-ақ оның айтуынша, «Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту» пилоттық ұлттық жоба шеңберінде екі медициналық пункттің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Олар Құрманғазы ауданының «Алтыншы» және Шағырлы ауылдарындағы медициналық пункттер.

-Екі пункт бойынша да бас мердігер – «БатысСтройСервис» ЖШС. Құрылыс жұмыстары осы жылдың шілде айында басталған болатын. Екі нысан да бірдей типте салынып жатыр, ауданы 266,35 м2. Мұнда фойе, холл, егу бөлмесі, материал жинау және перфорациялық зерттеу бөлмесі, медбикелер, акушер кабинеті, дәріхана, келушілер үшін әрбірі бөлек әйелдер және ерлер ваннасы, мүгедектер арбасындағылар үшін ванна, киіну бөлмесі, дезинфекциялық заттарды дайындауға және сақтауға арналған бөлме, техникалық қызметкерлер, тазалау жабдықтарын сақтау, қызметкерлер үшін ванна бөлмесі, вестибюль қарастырылған,- деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, «Алтыншы» және Шағырлы ауылдарындағы медициналық пункттер осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз