ГИППОКРАТ АНТЫНА АДАЛ

Ақ халатты абзал жан дегенде, науқасқа өз анасындай қамқорлық жасап, балаша баптап-мәпелейтін дәрігер елестейтіні анық. Бақытын жаны қалаған мамандықтан тауып, қиналып келген сырқаттың жанын кілтсіз ашатын ақ желеңді дәрігерлердің бәрі біздің кейіпкеріміз Римма Ғабдошевадай болса ғой, шіркін!

 

Өн бойынан бекзаттық пен тектілік аңғарылып тұратын, жүзінен шуақ төгілген осы бір қағылез жан өзін сарылып күтіп жатқан жандардың жүрегіне жылу, көңіліне үміт ұялатады. Оның ең басты қасиеті – еңбексүйгіштігі мен адамгершілігі.

Биікке шықсаң көкірегің, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады дегендей, ауруханаға келген әр науқас оның жасаған емі мен жылы сөзінен жанына дәру табары айқын. 

«…Қай жерде, мейлі, қай елде,

Әлемнің мәні – әйелде»,-деген Жүрсін Ермановтың сөзі еске түседі оны көргенде. Өмірдің ащы-тұщысын бірге татып келе жатқан, Римманы үнемі қолдап, жігерлендіріп отыратын жұбайы Мерғали Ғабдошев кәсіпкер. Олардың отбасы-сыйластық пен ынтымақ ұялаған шаңырақ. Қызметі мен отбасын бірдей алып жүрген Римма Сұлтанқызы сияқты қазақтың қыздары – мақтауға әбден лайық жандар.

Гүлнәр ЖОЛДЫБАЕВА,

Құрманғазы ауданы,

Кудряшов селосы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз