Атырау облысында жиырма мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе алды

547 Медицина

Тұмаудың жылсайынғы маусымдық вакцинациялау жұмыстары 2023 жылдың 1 қазаннан барлық облыстың емханаларында басталды. Бұл туралы atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өңірде биыл 1-15 қазан аралығында жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) 9119 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 5967 жағдай (65,4%), 3152 ересектер арасында, оның ішінде жүкті әйелдер арасында 44 жағдай (0,7%). Тұмау вирусы анықталған жоқ.

  – Тұмаудың жылсайынғы маусымдық вакцинациялау жұмыстары 2023 жылдың 1 қазаннан барлық облыстың емханаларында басталды. Сатып алынған вакцинамен ақысыз түрде халықтың осал тобына жататын, яғни медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйлерінің, сабилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерді және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша тұмауға қарсы вакцинацияланды,- деді Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы А.Сарсенғалиева.

Оның айтуынша, облыс бойынша күні бүгінге тұмауға қарсы 19650 адам екпемен қамтылып отыр. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 3966 (20,1%), ересектер 15684 (79,8%),  жүкті әйелдер 881. Екпеден кейін асқынулар тіркелмеген.  

Айта кетейік, жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы қазан айында бастау алса, 2024 жылғы мамырға дейін созылады деп белгіленуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз