Атырау облысында шала туған сәбилердің өмір сүру деңгейі 33% – ға өсті

586bc194 76ae 4895 9028 c8f9acffdeae Медицина

Бүгінгі таңда облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде дене салмағы өте төмен 15 сәби дәрігерлер бақылауында, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Жыл сайын 17 қарашада бүкіл әлемде шала туған балалар күні атап өтіледі.

Ағымдағы жылдың 10 айында Атырау облыстық перинаталдық орталығында  8131 нәресте дүниеге келсе, олардың 418-і – мерзімінен бұрын туылған шақалақтар. Ең кішкентайының дене салмағы – 500 грамнан 1 килограмға дейін.

6f97fb4b 0cc0 4143 8647 d607fc69c40e

– Егер өткен жылы шала туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 20% – ға өссе, биыл бұл көрсеткіш 33% – ды құрап отыр. Оң динамикаға біздің дәрігерлердің неонатологиялық біліктілігін арттыру, жаңа заманауи жабдықтар – кювездер мен сәбилерге арналған өкпені жасанды желдету аппараттарымен қатар жаңа туған нәрестелердің тыныс алуын қалыпты ұстап тұратын СИПАП-қондырғыларды сатып алу арқылы қол жеткіздік деп айта аламыз. Өйткені, шала туған сәбиелерде негізінен өкпе мен тыныс алу жүйесінің жетілмеуінен көптеген аурулар пайда болып, сәбилер арасындағы аурушаңдыққа алып келеді, – деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуова.

5cd69020 37b0 443d 8b71 94fd74d173e5

Мамандардың айтуынша, мерзімінен бұрын босануға негізінен әйелдің жүктілік арасындағы аралықты сақтамауы, болашақ ананың есепке кеш тұруы, жүктілікті жоспарламауы секілді жайттар себеп болып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз