1-желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

screenshot 24 Медицина

Бүгін Дүниежүзілік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен күрес күні. Жыл сайын бұл күні елімізде бірқатар іс-шаралар мен түрлі акциялар өтеді. Биыл да атаулы күнге орай «Теңдік уақыты!» атты акция өтті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Теңсіздік ЖИТС пандемиясының жалғасуына әсерін тигізетіні сөзсіз. Алайда, оны жеңуге болады. Ол үшін ЖИТС-ке қарсы күреске кедергі келтіретін теңсіздіктердің алдын алу қажет. «Теңдік уақыты!» ұраны – бұл әрекетке шақыру. Теңсіздікті және ЖИТС-ты жою үшін АИТВ-инфекциясын емдеу, тестілеу, алдын алу қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сапасын арттыру, әрбір адамды қажеттілермен қамту.

Біздің мақсатымыз – экономикалық, әлеуметтік, мәдени және құқықтық теңсіздіктерді жойып, ЖИТС-ті жеңіп, оның таралуын тоқтату. Облыста бұл ауруды тоқтату – әркімнің ортақ жауапкершілігінде, деді облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының директоры Қуаныш Нұрмұханов.

Акция аясында ЖИТС-тің алдын алу мақсатында мамандар халық көп шоғырланатын орындар мен білім беру мекемелеріне барып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ олар тұрғындарға міндетті түрде орталыққа келіп, тексерілу қажеттігін түсіндірді. 

Айта кетейік, осы жылы облыста  61  жағдай анықталған. Оның 56-сы Қазақстан азаматы болса, қалғаны өзге мемлекеттің адамы. Өткен жылмен салыстырғанда ауру 1,8 есеге өскен. Бұл жағдай халықтың өз еріктерімен тестілеуге келуі арқылы байқалған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз