Тасшағылдағы мәдениет үйі пайдалануға беріледі

332091279 102702526096088 5263499093839256166 n Мәдениет

Наурызда 300 орындық Тасшағыл ауылындағы мәдениет үйі пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ақ орда» корпарациясы мердігерлік еткен құрылыстың жоба құны – 827 млн 600 мың теңге. Екі қатарлы ғимаратта кітапхана, әкімшілік, гримдеу, дайындық бөлмелері, арнайы би залы мен асхана т.б. кабинеттер қарастырылған.

– Бірнеше жылдан бері Тасшағыл ауылына мәдениет үйін салу мәселесі қозғалып жүрген-ді. Халықтың ұсынысын қаперге алған аудан басшылары 300 орындық мәдениет үйінің құрылысын бастау жөнінде облыс басшыларына сұраныс берген еді. Соған сай облыстық Құрылыс басқармасының тапсырыс беруімен басталған болатын. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, аудан бойынша бұл еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет халықтың игілігіне пайдалануға берілгелі отырған мәдениет үйі, – деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметов.

Айта кетейік, Қызылқоға ауданында 30 мыңнан астам халық болса, Тасшағыл ауылында 2 мыңға жуық тұрғын бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз