Шаңырақ күні: Қазақстанда 55 жыл отасқан отбасыларға құрмет көрсетілді

9f388e260ce4511cf0d3c2c5f422bb81 Мәдениет

Шаңырақ күніне орай бүгінде барлық өңірде 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық киім киген жастардың неке қию рәсімі өтіп, сыйлы ақсақалдар бата беріп, жас жұбайларға бақ-береке тілейді.

Астанадағы «Бәйтерек» монументі залында жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі, үлгілі жұптарды алтын тойларымен құттықтау рәсімі өтті. Шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Астана қалалық филиалы.

Жас жұбайларға неке куәліктері табыс етіліп, 55 жыл отасқан ерлі-зайыптылар мерейтойлар кітабына енгізілді.

Айта кету керек, бүгінде еліміздің барлық елді мекендерінде 50 және 25 жыл бірге өмір сүрген «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» отбасыларына құрмет көрсету шаралары өтіп жатыр. Отбасылық өмірге дайындықты қалыптастыру және студенттер арасында жауапкершілікті арттыру мақсатында оқу орындарында «Қара шаңырағым – алтын бесігім», «Өнегелі отбасы – елдің тірегі» тақырыптарында кездесулер өткізілуде.

Наурыз балалар үшін де ерекше сүйікті мерекеге айналады. Атап айтқанда, «Шаңырақ» күні дүниеге келген нәрестелердің ата-аналарына «Наурыз-базарлық» естелік сыйлықтары тарту етеді. Сондай-ақ, бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде естелік сыйлықтар мен ұлттық тәттілер ұсынылатын түрлі танымдық, шығармашылық, спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз