Наурызда қандай шаралар өтеді?

enfdzwu0zqe 5aa7560b458bb Мәдениет

Биылдан бастап 14–23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған «НАУРЫЗНАМА» онкүндігі жарияланды. Бұл туралы облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы Жәнібек Аманиязов брифингте баяндады.

Сыйластыққа жетелеп, жақсылық атаулыға үндейтін Көрісу күні облыста «Жақсылықтың бастауы», «Көрісейік, ағайын», «Көрісу – ұлы мейрамның бір бөлігі» сынды мерекелік іс-шаралар өтеді. Амал мейрамына орай жоспарланған іс-шаралар музейлер- де, кітапханаларда, театр мен облыстық филармонияда ұйымдастырылады.

– Көрісу күніне орай 14 наурыз күні күндізгі сағат 11-де Исатай–Махамбет алаңында үлкен мерекелік іс-шара өтеді. Ол жерде театрландырылған көріністер мен музыкалық қойылымдар болады. Бұдан бөлек наурыз айының 14-і мен 23-і аралығында наурызнаманың онкүндігі басталады. Ең алдымен, «Наурыз-базарлық» маусымы болады. Одан кейін 15 наурыз – қайырымдылық күні, 16 наурыз күні «Мəдениет жəне ұлттық салт-дəстүрлер күні», 17 наурыз «Шаңырақ күні» мен 18 наурыз «Ұлттық киім» күні болады. Əрі қарай 19 наурыз «Жаңару», 20 на- урыз «Ұлттық спорт», 21 наурыз «Ынтымақ», 22 наурыз «Жыл басы», 23 наурыз «Тазару» күндері болып белгіленді, – деді орталық басшысы.

22 наурыз күні Исатай–Махамбет алаңында күндізгі сағат 11-де «Қош келдің, Əз-Наурыз» атты театрландырылған, музыкалық қойылым қойылады. Қазіргі уақытта сахна құрылып, дайындық жұмыстары басталып кетті.

Республика бойынша 400-ге жуық іс-шара өткізіледі. Оның 79-ын республикалық, 276-сын өңірлердегі мəдениет ұйымдары ұйымдастырады.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз