Атыраулықтар Көрісу күнін атап өтіп жатыр

whatsapp image 2024 03 14 at 14.29.40 Мәдениет

Береке мен бірліктің мерекесі саналған Көрісу күнін асыға күткен атыраулықтар
таң атысымен Исатай-Махамбет алаңындағы мерекелік іс-шараға жиналды.

Облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара М.Өтемісұлы атындағы облыстық
академиялық қазақ драма театры актерлерінің театрландырылған қойылымымен басталды.
Қуантып жеткен мерекедегі концертте жергілікті өнерпаздар мен елімізге танымал
«Заман» тобы өнер көрсетті.

Ән мен жыр төгілген мерекелік іс-шарада Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов жұртшылықты құттықтаса, жиналған атыраулықтар мен қала қонақтары «Бір жасыңызбен! Айдан аман, жылдан есен болайық!» деп көрісіп, ақ тілектерін білдіріп жатты.

Малика ТАКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз