АТЫРАУЛЫҚ ОРКЕСТР ҰЖЫМЫ ШЕТЕЛДІК КӨРЕРМЕННІҢ ҚОШЕМЕТІНЕ БӨЛЕНДІ

4aa68c18 3e27 4db4 91d8 5bc3b3a9f2d9 Мәдениет

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Мажарстан мемлекеті, Будапешт қаласының
“House of music” залында өнер көрсетті
, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өткен мерекелік іс-шара екі ел арасындағы ынтымақтастық пен мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

386ceaeb 639d 46a3 9c5a 1cc9071affb4

-Мәдени кешке Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Жәнібек Әбдрашов қатысты.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Болат Долдашовтың дирижерлігімен көрермен назарына қазақ және шетел классиктерінің шығармалары ұсынылды.

8fb6d011 666b 4cbf 8f87 40a8bd3d7d7d


Көпшіліктің көңілінен шығып, көрермендердің зор қошеметіне бөленген оркестр ұжымының еңбегі зор. Сиқырлы саздың сырлы әуезіне құлақ түрген шетелдіктер қазақтың күй өнерінің ерекшеліктеріне қызығушылық танытып, ризашылықтарын білдірді,- дейді облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Индира Мерекенқызы.

faf66045 491f 4136 bd3c 2ff56cbfd630

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз