Атыраулық оркестр Сарыарқа төрінде өнер көрсетті

img 0836 Мәдениет

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Сарыарқа төсінде айшықты шығармаларын ұсынды,- деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайтаткері Рахила Ерғалиева мен дирижер Болат Долдашовтың сүйемелдеуімен белгілі күйші-композиторлардың туындылары шебер орындалды.

img 0837

«Жастар» сарайына жиналған кеш тыңдармандарын дирижер, Атырау облысының Құрметті азаматы, өнертану профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымовтың ғажайып туындылары тәнті етті.

img 0838 1

Еске сала кетейік, Айтқали Жайымов – «Парасат» орденінің иегері. Қазақ дирижері, композитор, музыкалық педагог, профессор. АҚШ, Жапония, Италия, Германия, Австрия, Франция, Норвегия, Куба, Чехословакия, Қытай, Түркия, Ресей сияқты елдерде концерттер өткізген майталман.

img 0839

Іс-шараны қорытындылаған Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Әділханұлы ұжымға жылы лебізін білдіріп, алғыс хат табыстады.

img 0840
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз