АТЫРАУДЫҢ АЛДАСПАНЫ

q.zhylqyshiev Мәдениет

БИЫЛ ДҮНИЕДЕН ОЗҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ», МАХАМБЕТ ЖӘНЕ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТАРДЫҢ ЛАУРЕАТЫ, ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ, АҚЫН ҚОЙШЫҒҰЛ ЖЫЛҚЫШИЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 75 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «АТЫРАУДЫҢ АЛДАСПАНЫ» ЖӘНЕ «ПІРІМ ДЕП САНАР МАХАМБЕТ ЕРДЕЙ ТӨРЕСІН, САҚТАЛАР МӘҢГІ ҚОЙШЫҒҰЛ ДЕГЕН ҰЛЫ ЕСІМ» АТТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШТЕРІ ӨТТІ.

Замандас достары Қуандық Батыров, Əбілхан Төлеуішов қатысқан шарада ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде видеослайд көрсетілді. А сыл сөздің құдіретімен оқырманын ойға бөлеген ақынның рухани қызметі, республика мен облыс өңіріндегі атқарған істеріне, қайсарлық мінезі жөнінде айтылды. Ал, профессор Қадыр Жүсіп кейіпкердің ақындық, қайраткерлік тұлғасын айтып өтті. – Қойшығұл Жылқышиев талантты жастарды əдебиет биігіне қанаттандыру мақсатында «Арман тау» ақындар клубының негізін қалап, Атырау облысында тұңғыш рет жазба жəне айтыскер мектебінің қабырғасын қалаған еді. Осы мектепті он бес жылдай басқарған сыршыл ақын айтыс ақындары мен жыршытермешілердің Халықаралық одағының басшысы болып, көптеген жұмыстар атқарды. Атырау айтысының мектебін қалыптастырып, оны өрге сүйреген, ардақты ұстаз. Өмірінің соңына дейін бағыт-бағдар берген жанашыр аға туралы айтылар естелік көп, – деді рухани інісі Шалқарбай Ізбасаров. Оқырманға рухани азық сыйлаған еске алу кешінде Марат Отаралиев атындағы орта мектептің оқушылары Інжу Ғазизова Идаят ақынның өлеңін мəнерлеп оқыса, Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің оқушысы Сұлтан Қоныс Махамбеттің «Мен, мен едім..» термесін орындады.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз