Ақын Аманқос Ершуовтың «Қасиетті қазына» атты кітабының тұсаукесері өтті

875e3a92 5931 4180 8e0d b4dc95983bff Мәдениет

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ақын, ардақты ұстаз Аманқос Ершуовтың «Қасиетті қазына» атты кітабының тұсау кесері өтті, деп хабарлайды atr.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов ақының мұраларын университет кітапханасы арқылы студенттерге кеңінен нәсихаттап, білім беру мен маман дайындау ісінде де қолданатындығын  жеткізді. 

e2ca6398 ddf9 4b11 b430 cbc2496660f3

Қаламгер Аманқос Ершуов – 1943 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген. Ол 1966 жылы сол тұстағы Гурьев педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген.  Қазақ поэзиясында өзіндік қолтабаңбасы бар ақынның шығармалары 1970 жылдан бастап оқырманға етене таныс.

77dfaf36 2b57 46b7 89c9 1678738e668a

Оның алғашқы өлеңдер жинағы «Ойсылқара» деген атпен таралса, кейінен «Жалын», «Өлке» баспаларынан «Көкжиегім – келешегім» (1974), «Шопан баласы», «Шырқау» (1978), «Алтын босаға» (1982), «Жылқышының ұлы» (1983), «Шұғылалы шақтар» (1988) туындылары мен «Жаралы жылдар», «Асалы мен Көкетай» драмалары жарық көрген. Шығармашылықтан бөлек туған топырағындағы мектепте ұзақ жыл шәкірт тәрбиелеген ұстаз балалар арналған өлең-балладалар жазған жазушы.

735365b0 a1b7 403a 88e9 df5d90648209

Мерейтой аясында ұйымдастырылған рухани іс-шараға мемлектетік сыйлықтың лауреаты, ақын Өтеген Оралбайұлы, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып, әдебиеттанушы-ғалым, эссеист Мақсат Тәжі-Мұрат,  филология ғылымдарының кандидаты Салтанат Айбергенова, мерейтой иесінің қызы, ақын Маржан Ершуова бастаған бір топ зиялы қуым өкілдері, оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз