ТАЛҚЫЛАУ ТАҚЫРЫБЫ – ТАЙСОЙҒАН ПОЛИГОНЫ

Қазақстан Тайсойған полигонының аумағын қысқартуға мүдделі. Ол жайында Ресеймен арадағы үкіметаралық комиссияға ұсыныс та жасалды. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.
Тоқтала кететін жайт, талқылау барысында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Тайсойған полигонына қатысты мәселе көтеріп, оны елдегі басқа полигондармен қатар қарастырмау керектігін алға тартты.

«Бұл аса маңызды әрі күрделі мәселе, мемлекетіміздің қауіпсіздігі тұрғысынан да өте өзекті. 9 млн. 600 шаршы шақырым полигон бойынша біз Ресей Үкіметіне, оның ішінде полигон аумағын екі миллионға дейін қысқарту туралы үкіметаралық комиссияға ұсыныс берген едік. Ол қаралып жатыр. Сосын мәселені өңіраралық форумда Елбасы Н. Назарбаев РФ президенті В.Путинмен кездесуде де көтерді. Ал, алдағы уақытта Ресей Қорғаныс министрі Шойгу біздің елімізге сапармен келмек. Сол тұста да біз осы мәселені үкіметаралық комиссияда қарайтын боламыз. Оның нәтижесін екі елдің Мемлекет басшыларына ұсынатын боламыз. Жалпы қазақстандық ұсыныстар негізінен еліміздегі полигондарды қысқартуға қатысты болып отыр», – деді С. Ахметов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз