Атырауға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі келді (+ФОТО)

minэkonom 6 Экономика

Өңірге іссапармен келген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жергілікті ахуалмен танысып, шешімін күткен мәселелерді талқылады.

Бір күндік іссапардың алғашқы жартысында министр көпбалалы аналарды қабылдап, мәселелерін тыңдады. Сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді жекеменшікке өткізуді сұраған көпбалалы аналардың мәселесі бір күнде шешіле қоймасы анық. Министрлік бұл ретте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеген екен. Жобада азаматтарды тұрғын үймен қамтудың жаңа тәсілдері қарастырылған. Қазір бұл құжат Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

Осыдан кейін министр Қайырбек Айтбайұлы облыс әкімі Серік Шапкеновпен бірге Атырау қаласын дамыту мәселелері көтерілген жиынға қатысты. Оған елімізде құрылған «Q88» урбанистер қауымдастығы мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысып, заманауи талаптарға сай шаһар келбетіне өзгерістер енгізу жайын талқылады. Кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен қалалардың инфрақұрылымын жақсартуды көздейтін «Берекелі бастама» бағдарламасы іске қосылғаны белгілі болды. Ал, Атырау – жаңа бағдарламаға енгізілген алғашқы қалалардың бірі саналады.  

minэkonom 1
minэkonom 4
minэkonom 2
minэkonom 7
minэkonom 3
minэkonom 5

– Елдімекендердің инфқұрылымын дамыту бойынша жергілікті тұрғындардан 45 ұсыныс түсті. Қазір қала тұрғындарының дауыс беруі арқылы ең өзекті деген бастамалар таңдалуда. Ең көп дауыс жинаған жобалар қаланы дамыту жөніндегі Жол картасына енгізіледі. Министрлік алдағы уақытта урбанистер қауымдастығымен бірлесіп қала құрылысы, оны дамыту және инклюзивті орта құру мәселелері бойынша заңнаманы жетілдірумен айналысады. Бұл бағытта қала аумағын кешенді дамыту стандарттарының үлкен жинағы дайындалуда. Оған алты кітап пен төрт каталог кіреді. Жинақты осы жылдың жаз айларында шығару жоспарланып отыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін құжатқа ведомстволық бұйрық негізінде қол қойылып, іске қосылады. Аталған стандарттарға сәйкес урбанистер қауымдастығы Атырау қаласын дамыту тұжырымдамасын ұсынып, қазір қалған қалаларды қарап жатыр, – деді министр.

Іссапардың екінші жартысында министр «Атырау-Астрахан» автожолындағы реконструкциялау жұмыстарының жүру барысымен танысып, оны жеделдету бағытындағы ұсыныстарды талқылады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: www.gov.kz

minэkonom 8
minэkonom 9
minэkonom 10
minэkonom 12
minэkonom 13
minэkonom 15
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз