КАРАНТИН: Қазақстан қауіпсіз елдер қатарына енді

0 3 COVID-19: Соңғы поштадан...

atr.kz/8 қыркүйек, 2020 жыл. Швейцарияның федералды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бірқатар елді карантин тізімінен шығарды. Оның ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Швейцария 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап осындай шешім қабылдап отыр. Бұған дейін белгілі бір мемлекеттер мен аймақтардан келген азаматтарды ондағы билік карантинге жатқызатын.

Осылайша Швейцария карантин тізімінен 55 мемлекетті алып тастады. Қазақстанмен қатар ол тізімде Бразилия, Украина, Чили, Боливия мен тағы бірқатар ел бар. Мемлекеттердің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз