Атырау облысының Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды

265cf4f7 d08f 4174 b357 9ee733b8f99d 1 Жаңалықтар

Бүгін, 13 қыркүйекте аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев аудандық мәслихат депутаттарына аудан әкімі лауазымына кандидатура ұсынды. Бұған дейін Махамбет ауданын басқарған Әлимұхаммед Құттымұратұлы тамыз айында Жылыой ауданының әкімі болып тағайындалған еді. Облыс әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлына атқарған қызметіне алғыс айтып, жаңа жұмыс орнында табысты болуын тіледі.

265cf4f7-d08f-4174-b357-9ee733b8f99d

Аймақ басшысы аудан әкімі лауазымына ҚР Президент әкімшілігімен келісілген жаңа кандидатура ұсынды. Ол – бұған дейін Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына басшылық еткен Сырым Рысқалиев. Депутаттар Рысқалиевтің кандидатурасын қолдады.

3b068c58-97b5-4dad-a332-be5a1ad798e6

Сырым Рысқалиев Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы «Қазсельхозтехника» мекемесінде бастаған. 1993 жылдан 2007 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметте болды. 2007 жылы Атырау облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы болып тағайындалды. 2007-2017 жылдары басшылық қызметтер атқарды, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау облысы әкімінің орынбасары, Мақат, Қызылқоға аудандарының әкімі болды.

96735265-2fc0-457c-ab41-1128105f449b (1)

Соңғы атқарған қызметі – Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Баян СҮЙЕУОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз