Ақпарат кеңістігіне байланысты жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері жарияланды

веб сайт Жаңалықтар

Жергілікті халықтың 49,8 пайызы елдегі жаңалықтарды өңірлік және республикалық арналардан, 38,2 пайызы ғаламтор арқылы біліп отырады екен.  Бұл туралы әлеуметтік зерттеу нәтижелері туралы баяндаған Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева мәлім етті.

Internet concept

Дәстүрлі медиа мен интернет кеңістіктің ролін айқындау мақсатында жүргізілген зерттеуге облыс бойынша барлығы 1000 адам қатысқан. «Сіз көбінесе қандай телеарналарды көресіз?» деген сауалға респонденттердің 66,3 пайызы республикалық, 63,4 пайызы жергілікті, 23,8 пайызы ресейлік арналарды таңдайтынын айтқан. Сұралған азаматтардың 34,9 пайызы баспасөзге дәйекті ақпарат көзі ретінде сенім білдіреді екен.

Жиі оқылатын республикалық басылымдардың қатарында, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» және «Айқын» газеттері бар. Жергілікті баспасөз бойынша қала тұрғындарының 67 пайызы «Ақ Жайық» газетін таңдайды екен. «Атырау» мен «Прикаспийская коммуна» оқырмандарының пайыздық көрсеткіші – 50,1. Респонденттердің 69,8 пайызы жергілікті atpress.kz ақпараттық ресурсының жұмысын оң бағалайтынын айтқан.

«Қоғам – Общество – Society» ғылыми зерттеу институы жүргізген әлеуметтік зерттеу, сауалнамаға қатысқан азаматтар арасында nur.kz (51,4%),  kazinform.kz (42,5%), Азаттық радиосы (28%) мен  zakon.kz (27,3%) сайттарының да жоғары танымалдыққа ие екенін көрсетіп отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз