Атырауда латын әліпбиіне көшуге арналған халықаралық конференция өтті

WhatsApp Image 2018 06 06 at 11.59.11 Қоғам

Атырауда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру: жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-06-06 at 11.59.11

Атырау облысының әкімдігі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен конференция жұмысына Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Ресей елдерінен келген ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты.

WhatsApp Image 2018-06-06 at 11.59.10(1)

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің төрағасы Қуат Бораш атқарылып жатқан шаралар жайында баяндама жасады.

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі жасалды. Енді 2025 жылға дейін кезең кезеңмен көшу жоспарланып отыр. Маусым айының соңында алфавиттің тұжырымдамасын бекітіп, қыркүйекте Ұлттық комиссияға ұсынамыз. Содан кейін латын қарпіне оқу-әдістемелік жағынан көшу басталады, – деді Қуат Бораш.

WhatsApp Image 2018-06-06 at 11.59.12

Конференцияға қатысқан Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев филологтар мен тіл мамандарының алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Латын қарпіне көшу әрқайсымыз үшін маңызды, бұл тарихи оқиға. Бүгінгі шара ғалымдардың пікір алмасуларына, осы тақырып бойынша теориялық, тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталған. Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілімізге де оң ықпал етеді, қазақ тілінің дамуына септігін тигізеді, оны заманауи ғылым мен техниканың тіліне айналдырады. Конференцияда талқыланған маңызды мәселелер бойынша қабылданған шешімдер тиімді боларына сенім білдіремін, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз