Жаңа әліпбиді жатырқаудың қажеті жоқ

cf5116c91d67314479e704479215896c resize w 600 h 315 Қоғам

Қызылқоға ауданына ат басын тіреген белгілі қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы бастаған топ «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында семинар өткізді.

cf5116c91d67314479e704479215896c_resize_w_600_h_315

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен «Арман» мәдениет үйінде өткен семинарда  филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек жиналған көпшілікті Елбасының Жарлығымен бекітілген латын әліпбиінің жаңа үлгісімен таныстырып, сөздердің жазылуы мен емле ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға ақ парақ ұсынылып, жаңа қабылданған әліпби бойынша аты-жөндерін жазу тапсырылды. Орындалған тапсырмалармен мұқият танысқан профессор аты-жөндердің дұрыс жазылғанын айтып, бұл латын әліпбиі бойынша жүріп жатқан насихат жұмыстарының нәтижесі екенін атап өтті.

Бұдан кейін  Оразгүл Асанғазы сөз алды.

– Жаңа әліпбиді жатырқаудың қажеті жоқ. Егер еліміз өркендеп, дамыған елдердің қатарына кірсін десек  латын әліпбиіне көшуіміз керек. Әрине, бұл бастаманы Елбасының өзі бастап, Жарлыққа қол қойып берді. Енді осыны кеңінен насихаттауымыз  қажет.  Қазір әлемдегі ғылым мен интернеттің сексен пайызы осы латын әліпбиін қолданады. Демек, латын әліпбиіне көшу – әлемдік ғылымға жол ашады. Енді біз жаңа әліпбиге қашан, қайтып көшеміз? Әзірге бекітілген жоспар бойынша 2019 жылы 1 сынып оқушылары бастап оқиды. Сосын 2023 жылы кеңседегі іс-қағаздарды көшіру жоспарлануда. Ал, 2025 жылы түгелдей көшеміз. Бірақ, бұл жоспар ғана. Заманның бағытына қарай тағы да өзгерістер енуі мүмкін,- деді депутат.

Семинар барысында жиналғандар келген қонақтарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Дулат МӘТЖАН,

Қызылқоға ауданы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз