Қызылқоға ауданында ипподром салынады (+ФОТО)

50940446 623589141409089 8804467650089451520 o Жаңалықтар

Қызылқоға ауданында көлік инфрақұрылымы белсенді дамуда. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қызылқоға ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

50684009_623589151409088_8504284448672448512_o

Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженовтың айтуынша, ауданның ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2018 жылы 9 млрд теңгеден асқан, аталған саланы дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр. Аудан әкімі салынып жатқан әлеуметтік нысандар туралы да айтты.

– Сағыз және Мұқыр ауылдарында 424 орындық мектеп ашылды, 60 орындық тағы бір мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сағыз, Қарабау ауылдарында өткен жылы екі балабақша салынды. ЖТҮ құрылысына жер учаскесін бөлу үшін инфрақұрылым жүргізіліп жатыр,-деді Арман Баженов.

Бүгінде жеке тұрғын үй құрылысын салуға беруге 486 жер учаскесі дайын тұр. Жер учаскесін алу кезегінде 2000-нан астам адам бар. Өткен жылы ауданда 11620 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан тұрғындары газбен, сумен 95 % қамтылған. Есепті кезеңде жол салу және жөндеу, көше жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, ипподром құрылысы жоспарланып отыр. Медицина кадрларын шоғырландыруға көңіл бөлінуде. 2018 жылы ауданның медициналық мекемелері 5 жас маманмен толықты.

51035029_623589171409086_8186063913620602880_o

– Аудан әкімі өз есебінде өткен жылы атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды. Көкейкесті мәселелер шешімін тапты, бірақ алда басқа да үлкен міндеттер бар. Қызылқоға ауданының дамуы барлық тұрғындардың белсенді ат салысуын талап етеді. Сіздердің ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз мемлекеттік органдардың жұмыстарында есепке алынатын болады,-деді Нұрлан Ноғаев.

50724704_623589234742413_1331996416507117568_o

– Тұрғындарды Ақтөбеге, Оралға баратын автокөлік жолдарының құрылысы қызықтырады. Қазір Қарабау арқылы Индерге баратын жол құрылысы жүріп жатыр,-деді облыс әкімі. –Қарабауға дейін 25 км автокөлік жолының құрылысы бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Биыл қосымша қаржыландыру қарастырылған.
Қарабаудан Индерге дейін 90 км автожол салу керек. Жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.
50865284_623589228075747_7489713212288401408_o
– Аймақтық жол инфрақұрылымының дамуына көп көңіл бөлініп отыр, жұмыстар жалғасын табады. Жол салынғаннан кейін оны ұқыпты ұстап, пайдалану керектігін ескеру қажет. Жолды жарамсыз қылып тастайтын ауыр жүк көліктері жүрмеуі тиіс,-деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. –Атырау-Ақтөбе жолының құрылысы басталды, сондықтан ауданда жақын болашақта көлік инфрақұрылымына қатысты мәселелер шешімін табады деуге негіз бар.

50940446_623589141409089_8804467650089451520_o

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз