Кемел саясаттың жемісі

Кемел саясаттың жемісі Жаңалықтар

«Қазақстан – 2050»  демократиялық күштердің  Атырау облыстық коалициясының отырысы өтті. Онда  ел егемендігіміз ширек ғасырлық тойын өткізу  жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу  барысы  мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияға қолдау білдірілді.

%d0%ba%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d0%bb-%d1%81%d0%b0%d1%8f%d1%81%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b%d2%a3-%d0%b6%d0%b5%d0%bc%d1%96%d1%81%d1%96

Басқосуды ашқан Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының бастамасы бойынша «Қазақстан–2050» демократиялық күштердің  облыстық коалициясы құрылып, тұрақты жұмыс жасап келе жатқанын және отырыстардың партиялардың төрағалығымен кезек-кезек өтіп отыратынын айтты.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы мен ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары туралы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев пен  мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары Азамат Жолаевтар баяндады.  Одан соң  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағалиев пен  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Гүлмира Шәкіровалар келісім бойынша кеңес құрамына  енгізілді.

Қазақстан Коммунистік Халық  партиясы  облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев  аз қамтылған отбасы мен ұстаздарға, медицина, спорт, мәдениет саласының қызметкерлеріне мерекелік сыйақы беру туралы ұсынысын білдірді. «Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын төмендетуге жол бермеуді, жұмыс орындарын құрып, халық табысының көбеюін ынталандыруды тапсырды. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойлануда. Осыған орай, біздер, демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Атырау облыстық коалициясының мүшелері жергілікті бюджеттің үнемделуі есебінен облыс халқының әлеуметтік осал топтарына, бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне сыйақы берілгенін қалаймыз. Мереке алдында жергілікті билік тарапынан көрсетілетін мұндай қолдау көптеген адамдарға бірінші кезектегі тауарларға, азық-түлікке, коммуналдық қызметтерге деген шығындарын өтеуге, несиелерін төлеуге елеулі көмек болары сөзсіз» деді ол.

Отырысқа қатысушылар коммунистер ұсынған Үндеуге қолдау білдіретінін жеткізді.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз